
SIM картасы мен аккумуляторды
салыңыз
Барлық SIM карталарын балалардың қолы жетпейтін
жерде сақтаңыз.
SIM картасы қызметтерінің бар-жоғы жəне оны пайдалану
туралы ақпарат алу үшін SIM картасын сатушыға
хабарласыңыз. Бұл қызмет ұсынушы, желі операторы
немесе басқа сатушы болуы мүмкін.
Аккумуляторды шығарып алар алдында əрдайым
құрылғыны сөндіріп, зарядтағышты ажыратып алыңыз.

16
Іс к е қ о с у
Ескерту: Қақпақты шығарып алардан бұрын
əрдайым қоректі сөндіріп, зарядтағыш пен
кез келген басқа құрылғыны ажыратыңыз.
Қақпақты ауыстырып жатқан кезде
электрондық компоненттеріне тиіп кетуден
сақ болыңыз. Құрылғыны əрқашан қақпақтары
тағылған күйінде сақтап, пайдаланыңыз.
1. Артқы қақпағын басып, телефонның төмен жағына
қарай сырғытып, қақпақты суырып алыңыз (1).
2. Аккумуляторды суретте көрсетілгендей көтеріп
шығарып алыңыз (2).
3. SIM картасының ұстағышын телефонның тұтқасынан
абайлап көтеріп алып, айқара ашылатын қақпақты
ашыңыз (3).
4. SIM картасының кетік жағын жоғарғы оң жаққа жəне
жылтыратылған түйіспелі жағын төмен қаратып
салыңыз (4). SIM картасының ұстағышын жауып,
орнына бекіту үшін басыңыз (5).
5. Аккумуляторды батарея ұясына салыңыз (6).

17
Іс к е қ о с у
6. Артқы қақпағын телефонның артқы жағымен
теңестіріп алып, жоғары қарай сырғытыңыз. Орнына
бекіту үшін артқы қақпақты телефонның үстіңгі жағына
қарай итеріңіз (7).

18
Іс к е қ о с у