
Зарядтау жəне разрядтау
Құрылғыңыз қайта зарядталатын аккумулятордан қуат
алады. Жаңа батареяның толық өнімділігіне екі немесе
үш рет толық зарядтау-разрядтау циклінен кейін қол
жеткізіледі. Аккумуляторды жүздеген рет зарядтап,
разрядтауға болады, бірақ ол ақырында тозады.
Сөйлесу жəне күту режимдері əдеттегіден едəуір қысқа
болған кезде аккумуляторды ауыстырыңыз. Тек Nokia
рұқсат берген аккумуляторларды пайдаланыңыз жəне
аккумуляторды тек Nokia рұқсат берген осы құрылғыға
арналған зарядтағыштармен зарядтаңыз.
Ауыстырылмалы аккумулятор бірінші рет пайдаланылған
немесе аккумулятор ұзақ уақыт бойы пайдаланылмаған
жағдайда оны зарядтау үшін алдымен зарядтағышты
жалғап, содан ажыратып, қайтадан жалғау қажет болуы
мүмкін.

66
Ак к у м у л я т о р т у р а л ы а қ п а р а т
Пайдаланылмаған кезде зарядтағышты электр розеткасы
мен құрылғыдан ажыратып қойыңыз. Толығымен
зарядталған аккумуляторды зарядтағышқа қосулы
қалдырмаңыз, себебі асырмалы зарядтау оның қызмет
мерзімін қысқартуы мүмкін. Егер пайдаланусыз қалатын
болса, толық зарядталған аккумулятор уақыт өте келе
өзінің зарядын жоғалтады.
Егер аккумулятордың заряды толығымен босаған болса,
дисплейдегі зарядтау көрсеткіші жанғанша, не болмаса
қандай да бір қоңыраулар шалу мүмкін болғанша бірнеше
минут керек болуы мүмкін.
Аккумуляторды тек өзінің арнаулы мақсаты бойынша
пайдаланыңыз. Еш уақытта зақымданған зарядтағышты
немесе аккумуляторды пайдаланбаңыз.
Аккумуляторды қысқаша тұйықтамаңыз. Кездейсоқ
қысқаша тұйықталу теңге, қағаз қыстырғыш немесе қалам
сияқты металл зат аккумулятордың оң (+) жəне теріс
(-) полюстерінің қосылуын тудырған кезде орын алуы
мүмкін. (Полюстер аккумулятордың үстіндегі металл
жолақшаларға ұқсайды.) Бұл, мысалы, қалтаңызда

67
Ак к у м у л я т о р т у р а л ы а қ п а р а т
немесе əмияныңызда қосалқы аккумулятор алып
жүрген кезде орын алуы мүмкін. Полюстерді қысқаша
тұйықтау аккумуляторды немесе байланыстырғыш затты
зақымдауы мүмкін.
Аккумуляторды жазғы немесе қысқы кездердегі жабық
машина сияқты ыстық немесе суық жерде қалдыру
аккумулятордың қуаты мен қызмет ету мерзімін азайтады.
Аккумуляторды əрдайым 15°C пен 25°C (59°F пен 77°F)
аралығындағы температурада сақтауға тырысыңыз.
Ыстық немесе суық аккумулятор салынған құрылғы тіпті
аккумулятор толық зарядталғанның өзінде уақытша
жұмыс істей алмауы мүмкін. Аккумулятордың өнімділігі
əсіресе қату нүктесінен төмен температураларда
шектеледі.
Аккумуляторларды отқа тастамаңыз, өйткені
олар жарылуы мүмкін. Аккумуляторлар сонымен
қатар зақымдалған жағдайда да жарылуы мүмкін.
Аккумуляторларды жергілікті ережелерге сəйкес пайдаға
асырыңыз. Мүмкін болған кезде қайта пайдаланыңыз.
Тұрмыстық қалдық ретінде тастамаңыз.

68
Ак к у м у л я т о р т у р а л ы а қ п а р а т
Nokia аккумуляторларының
шынайылығын растау жөніндегі
нұсқаулар
Қауіпсіздік мақсатында əрқашан Nokia корпорациясы
өзі шығарған аккумуляторларды пайдаланыңыз. Nokia
фирмалық аккумуляторын алғаныңызды тексеру үшін оны
nokia уəкілетті дилерінен сатып алыңыз, орамынан «nokia
original enhancements» (nokia фирмалық жасаулары)
логотипін іздеңіз жəне голограммалы этикеткасын келесі
қадамдарды орындай отырып тексеріңіз:
Төрт қадамның сəтті орындалуы аккумулятордың
шынайылығының толық куəландырылғандығын
көрсетпейді. Аккумуляторыңыз Nokia фирмалық
аккумуляторы емес деп есептеуіңізге қандай да бір
негіз болса, оны пайдаланудан бас тартқаныңыз жəне
ең жақын орналасқан Nokia уəкілетті қызмет көрсету
орнына немесе дилеріне апарып, көмек сұрағаныңыз
жөн. Nokia уəкілетті қызмет көрсету орны немесе