Nokia 2626 - Қауіпсіздік туралы қосымша ақпарат

background image

Қауіпсіздік туралы қосымша ақпарат

Құрылғыда немесе оның жасауларында ұсақ бөлшектер

болуы мүмкін. Оларды балалардың қолы жетпейтін

жерде сақтаңыз.



Жұмыс істеу ортасы

Кез келген аймақта қолданылатын кез келген арнайы

ережелердің талаптарын орындаңыз жəне құрылғыны

пайдалануға тыйым салынған кезде, не болмаса ол кедергі

келтіруі немесе қауіп төндіруі мүмкін болған кезде оны

əрдайым сөндіріңіз. Құрылғыны қалыпты жұмыс істеу

күйінде пайдаланыңыз. Бұл құрылғы не құлаққа қатысты

қалыпты пайдалану жағдайында пайдаланылған, не

денеден кемінде 2,2 сантиметр (7/8 дюйм) алшақ тұрған

кезде радиожиілік əсері туралы нұсқауларға сай болады.

Тасып жүрген кезде жұмыс істету үшін тасымалы сөмке,

белдікке қыстырғыш немесе ұстағыш пайдаланылған кезде,

оның құрамында металл болмауы тиіс жəне құрылғыны

денеңізден жоғарыда көрсетілген қашықтықта ұстауға тиіс.

background image

78

Қа у і п с і з д і к т у р а л ы қ о с ы м ш а а қ п а р а т

Дерек файлдары мен хабарламалар алмасуы үшін

құрылғы желіге қосылу сапасының жақсы болуын қажет

етеді. Кейбір жағдайларда дерек файлдары немесе

хабарламалары мұндай қосылу пайда болғанша кешігуі

мүмкін. Деректер алмасуы аяқталғанға дейін жоғарыда

аталған арақашықтық нұсқауларының орындалуын

қамтамасыз етіңіз.
Құрылғының бөлшектері магнитті болып табылады.

Металл заттар құрылғыға тартылуы мүмкін. Кредит

карточкаларын немесе басқа да магнитті сақтау

құралдарын құрылғының жанына қоймаңыз, өйткені

оларда сақтаулы ақпарат өшіріліп қалуы мүмкін.



Медициналық құрылғылар

Кез келген радио таратушы жабдықтың, соның ішінде

сымсыз телефондардың жұмысы тиісті шамада

қорғалмаған медициналық құрылғылардың жұмысына

кедергі келтіруі мүмкін. Медициналық құрылғы сыртқы

радиожиілік энергиясынан тиісті шамада қорғалғандығы

туралы немесе сізде қандай да бір сұрақ бар болса,

background image

79

Қа у і п с і з д і к т у р а л ы қ о с ы м ш а а қ п а р а т

терапевт дəрігермен немесе құрылғының өндірушісімен

кеңесіңіз. Егер денсаулық сақтау мекемелерінде ілініп

қойған ережелер бойынша осылай істеуге нұсқау берілген

болса, бұл жерлерде құрылғыны сөндіріп қойыңыз.

Ауруханаларда немесе денсаулық сақтау мекмелерінде

сыртқы радиожиілік энергиясына сезімтал жабдық

пайдаланылуы мүмкін.

Кардиостимуляторлар
Кардиостимулятор дайындаушылары

кардиостимулятордың кедергісі туындау

мүмкіндігінен аман болу үшін сымсыз телефон мен

кардиостимулятордың арасында кемінде 15.3 см

(6 дюйм) арақашықтық сақталуын ұсынады. Бұл

ұсыныстар сымсыз технологияларды зерттеу институты

жүргізген тəуелсіз зерттеулерге жəне оның ұсыныстарына

сай. Кардиостимуляторлары бар кісілер:
● Əрдайым телефонды кардиостимулятордан 15.3 см

(6 дюйм) қашықтықта ұстағаныңыз жөн

● Телефонды төс қалтаға салып жүрмегеніңіз жөн

background image

80

Қа у і п с і з д і к т у р а л ы қ о с ы м ш а а қ п а р а т

● Кедергі əлеуетін азайту үшін телефонды

кардиостимуляторға қарама-қарсы құлағына

ұстағандарыңыз жөн.

Егер кедергіден сезіктенсеңіз, құрылғыны сөндіріп, басқа

жаққа əкетіңіз.

Есту құралдары
Кейбір цифрлы сымсыз құрылғылар кейбір есту

құралдарына кедергі келтіруі мүмкін. Егер кедергі пайда

болса, қызмет ұсынуға хабарласыңыз.



Көлік құралдары

Радио сигналдары моторлы көліктердегі дұрыс

орнатылмаған немесе тиісті шамада қорғалмаған

электронды жанармай бүрку жүйелері, бұғатталуға қарсы

тежеу жүйелері, электронды жылдамдық реттеу жүйелері,

пневматикалық жастықша жүйелері сияқты электронды

жүйелерге əсер етуі мүмкін. Қосымша ақпаратты үшін кез

келген жабдықтың өндірушісінен немесе оның өкілінен

тексеріп біліңіз.

background image

81

Қа у і п с і з д і к т у р а л ы қ о с ы м ш а а қ п а р а т

Құрылғыға тек білікті қызметкерлер қызмет көрсетуі

немесе оны көлікке орнатуы тиіс. Ақаумен орнату

немесе қызмет көрсету қауіпті болуы жəне құрылғыға

қолданылуы мүмкін кез келген кепілдікті күшінен

айыруы мүмкін. Көлігіңіздегі барлық сымсыз жабдық

дұрыс орнатылып, жұмыс істеуін тұрақты түрде

тексеріп тұрыңыз. Өртке қауіпті сұйықтықтар, газдар

немесе жарылғыш материалдарды құралмен, оның

бөлшектерімен немесе мүмкіндіктерін кеңейтетін

бөлшектермен бірге тасуға немесе сақтауға болмайды.

Пневматикалық жастықшамен жабдықталған көліктерде

пневматикалық жастықшалар үлкен күшпен үрленіп

толатынын есте сақтаңыз. Заттарды, соның ішінде

орнатылған немесе тасымалы сымсыз жабдықты

пневматикалық жастықшадан жоғары жерге немесе

пневматикалық жастықша орналасатын жерге қоймаңыз.

Егер көлік ішіндегі сымсыз жабдық дұрыс орнатылмаған

болса, пневматикалық жастықша үрленген кезде ауыр

жарақатқа əкеп соқтыруы мүмкін.
Ұшақпен ұшып бара жатқан кезде құрылғыны

пайдалануға тыйым салынады. Ұшаққа мінер алдында

құрылғыны сөндіріңіз. Ұшақтың ішінде телеқұрылғыларды

background image

82

Қа у і п с і з д і к т у р а л ы қ о с ы м ш а а қ п а р а т

пайдалану ұшақтың жұмысына қауіп төндіріп, сымсыз

телефон желісін үзуі жəне заңсыз болуы мүмкін.



Жарылу қаупі бар орталар

Кез келген жарылу мүмкіндігі бар атмосфералы аймақта

құрылғыны сөндіріп, барлық белгілер мен нұсқауларды

сақтаңыз. Жарылу мүмкіндігі бар орталарға əдетте

сіз көлік моторын сөндіруге кеңес берілетін аймақтар

жатады. Мұндай аймақта ұшқынның пайда болуы дене

жарақатына немесе тіпті өлімге əкеп соғатын жарылысқа

немесе өртке себепші болуы мүмкін. Құрылғыны қызмет

көрсету стансаларындағы бензин сорғыларының маңайы

сияқты жанармай құю орындарында сөндіріңіз. Отын

қоймалары, оларды сақтау жəне тарату орындары,

химиялық зауыттар немесе жарылыс жұмыстары

жүргізіліп жатқан аймақтардағы радио жабдығын

пайдалану туралы шектеулерді сақтаңыз. Жарылу

қаупі бар атмосфералы аймақтар жиі таңбаланады.

Бірақ бұл таңбалар əрқашанда анық бола бермейді.

Бұл аймақтарға кеме палубалары, химиялық заттарды

тасымалдау немесе сақтау құрылыстары, сұйылтылған

background image

83

Қа у і п с і з д і к т у р а л ы қ о с ы м ш а а қ п а р а т

мұнай газымен (пропан немесе бутан сияқты) жүретін

көлік құралдары жəне ауасының құрамында химиялық

заттар немесе түйіршік, шаң немесе металл тозаңдары

сияқты бөлшектер бар аймақтар жатады.



Жедел телефон шалу

Маңызды: Сымсыз телефондар, соның

ішінде осы құрылғы радиосигналдарды,

сымсыз желіні, жер үсті байланыс желісін

жəне пайдаланушымен бағдарланатын

функцияларды пайдалана отырып қызмет

етеді. Осыған байланысты барлық жағдайларда

байланыс орнатылатынына кепілдік беру

мүмкін емес. Жедел медициналық жəрдем

сияқты маңызды байланыстар үшін еш уақытта

кез келген сымсыз құрылғыға сенім арта

бермегеніңіз жөн.

background image

84

Қа у і п с і з д і к т у р а л ы қ о с ы м ш а а қ п а р а т

Жедел телефон шалу үшін:
1. Егер құрылғы сөндірулі болса, қосыңыз. Тиісті сигнал

қарқындылығын тексеріңіз.
Кейбір желілер құрылғыға жарамды SIM картасы тиісті

түрде салынуын талап етуі мүмкін.

2. Дисплейді тазалап, құрылғыны телефон шалуға

дайындау үшін аяқтау түймесін қажетінше қайталап

баса беріңіз.

3, Өзіңіз тұрған жердегі ресми жедел қызмет нөмірін

енгізіңіз. Жедел қызмет нөмірлері əр жерде əр түрлі

болуы мүмкін.

4. Шақыру түймесін басыңыз.
Егер кейбір мүмкіндіктер қосулы болса, онда жедел

қызметке телефон шалар алдында сол мүмкіндіктерді

сөндіруіңіз қажет болуы мүмкін. Егер құрылғы желі

аясынан тыс болса немесе ұшақтың ішінде болса, жедел

қызметке телефон шалар алдында телефон функциясын

іске қосу үшін профильді өзгертуіңіз керек. Қосымша

ақпарат алу үшін осы нұсқаулыққа немесе қызмет

ұсынушыға жүгініңіз.

background image

85

Қа у і п с і з д і к т у р а л ы қ о с ы м ш а а қ п а р а т

Жедел қызметпен байланыс кезінде барлық қажетті

ақпаратты мүмкіндігінше дəл беріңіз. Оқиға болған жерде

сымсыз телефоныңыз бірден-бір байланыс құралы болуы

мүмкін. Рұқсат берілмейінше, байланысты аяқтамаңыз.



Сертификаттау туралы ақпарат (SAR)

БҰЛ ҚҰРЫЛҒЫ РАДИО ТОЛҚЫНДАРЫНЫҢ ƏСЕРІ

ЖӨНІНДЕГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЕРЕЖЕЛЕРДІҢ

ТАЛАПТАРЫНА САЙ.
Сіздің құрылғыңыз радио сигналдарын жіберіп,

қабылдайды. Ол халықаралық ережелерде ұсынылған

радиожиілік əсерінің шектерінен аспайтын етіп

жобаланып, жасалған. Бұл нұсқаларды тəуелсіз ғылыми

ұйым ICNIRP дайындаған, жəне ол кез келген адамға,

жас пен ден саулық деңгейін ескерместен, олардың

ден саулығын қорғауға арналған қауіпсіздік шектеулерді

енгізген.
Тасымалы құрылғылар үшін əсер ету нормативі ретінде

меншікті сəулелену коэффициенті немесе МСК деп

аталатын өлшем бірлігі қолданылады. Халықаралық

background image

86

Қа у і п с і з д і к т у р а л ы қ о с ы м ш а а қ п а р а т

ережелерде көрсетілген МСК шегі дене тінінің 10 грамы

бойынша орташаланған 2,0 ватт/килограмды (Вт/кг)*

құрайды. МСК сынақтары барлық тексерілген жиілік

ауқымдарында құрылғының ең жоғарғы рұқсат етілген

қуат деңгейімен ол сигнал жіберіп жатқан кезде

стандартты жұмыс істету жағдайларының көмегімен

жүргізіледі. Құрылғы тек желіге жетуге қажетті қуатты

ғана тұтынатындықтан, жұмыс істеп тұрған құрылғының

нақты МСК деңгейі ең жоғарғы мəннен əлдеқайда төмен

болуы мүмкін. Бұл мөлшер сіздің желі негізгі стансасына

қаншалықты жақын тұрғаныңыз сияқты бірнеше

факторларға байланысты өзгеріп отырады. ICNIRP

нұсқалары бойынша құлаққа қолдануға болатын ең

жоғарғы МСК құндылығы 0.68 W/kg.
Құрылғының керек-жарақтары мен жасаулары

пайдаланылған кезде МСК мəндері əр түрлі болуы

мүмкін. МСК мəндері мемлекеттік деректер жіберу жəне

сынақтар жүргізу талаптары мен желінің жиілік ауқымына

қарай əр түрлі болуы мүмкін. МСК туралы қосымша

ақпарат www.nokia.com сайтындағы өнім туралы ақпарат

бөлімінен алуға болады.