Nokia 2626 - Қауіпсіздік талаптары

background image

Қауіпсіздік талаптары

Осы қарапайым нұсқауларды оқыңыз. Оларды

орындамау қауіпті немесе заңсыз болуы мүмкін.

Қосымша ақпарат алу үшін пайдалану жөніндегі

нұсқаулықты толық оқып шығыңыз.

ТЕЛЕФОНДЫ ҚАУІПСІЗ ЖОЛМЕН ҚОСЫҢЫЗ

Сымсыз құрылғыны пайдалануға тыйым

салынған кезде, не болмаса ол кедергі

келтіруі немесе қауіп төндіруі мүмкін болған

кезде телефонды қоспаңыз.

АЛДЫМЕН ЖОЛ ЖҮРУ ҚАУІПСІЗДІГІН

ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІҢІЗ

Барлық жергілікті заңдардың талаптарын

сақтаңыз. Көлік жүргізу кезінде оны басқару

үшін қолыңызды бос ұстаңыз. Көлік жүргізу

кезінде алдымен жол жүру қауіпсіздігі

туралы ойлаңыз.

background image

8

Қа у і п с і з д і к т а л а п т а р ы

КЕДЕРГІ

Барлық сымсыз телефондар кедергіге

сезімтал болуы мүмкін. Ол телефонның

жұмысына əсер етуі мүмкін.

АУРУХАНАЛАРДЫҢ ІШІНДЕ ТЕЛЕФОНДЫ

СӨНДІРІҢІЗ

Кез келген шектеулерді сақтаңыз.

Медициналық жабдықтың жанында

телефонды сөндіріңіз.

ҰШАҚТЫҢ ІШІНДЕ ТЕЛЕФОНДЫ СӨНДІРІҢІЗ

Кез келген шектеулерді сақтаңыз. Сымсыз

құрылғылар ұшақтың ішінде кедергі тудыруы

мүмкін.

КӨЛІККЕ МАЙ ҚҰЮ КЕЗІНДЕ СӨНДІРІҢІЗ

Телефонды май құю стансасында

пайдаланбаңыз. Жанармай немесе химиялық

заттардың жанында пайдаланбаңыз.

ЖАРЫЛЫСҚА ЖАҚЫН ЖЕРДЕ СӨНДІРІҢІЗ

Кез келген шектеулерді сақтаңыз.

Телефонды жарылыс жұмыстары жүріп

жатқан жерде пайдаланбаңыз.

background image

9

Қа у і п с і з д і к т а л а п т а р ы

ТЕЛЕФОНДЫ ОРЫНДЫ ПАЙДАЛАНЫҢЫЗ

Өнімнің құжаттамасында түсіндірілгендей тек

қалыпты жағдайда ғана ұстап пайдаланыңыз.

Антеннаға қажетсіз тие бермеңіз.

БІЛІКТІ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ

Бұл бұйымды тек білікті қызметкер орнатуы

немесе жөндеуі тиіс.

ЖАСАУЛАР МЕН АККУМУЛЯТОРЛАР

Тек қана рұқсат етілген жасаулар мен

аккумуляторларды пайдаланыңыз.

Үйлесімсіз өнімдерді қоспаңыз.

СУҒА ТӨЗІМДІЛІК

Сіздің телефоныңыз суға төзімсіз. Оны

құрғақ күйінде ұстаңыз.

ҚОСАЛҚЫ КӨШІРМЕЛЕР

Телефоныңызда сақтаулы барлық маңызды

ақпараттың қосалқы көшірмесін жасап

алуды немесе жазбаша нұсқасын сақтауды

ұмытпаңыз.

background image

10

Қа у і п с і з д і к т а л а п т а р ы

БАСҚА ҚҰРЫЛҒЫЛАРҒА ҚОСУ

Кез келген басқа құрылғыға қосқан кезде

қауіпсіздік туралы егжей-тегжейлі нұсқаулар

алу үшін бұйымның пайдалану жөніндегі

нұсқаулығын оқыңыз. Үйлесімсіз өнімдерді

қоспаңыз.

ЖЕДЕЛ ҚЫЗМЕТТЕРГЕ ТЕЛЕФОН ШАЛУ

Телефонның қосулы болуын жəне жұмыс

істеп тұруын қамтамасыз етіңіз. Дисплейді

тазалап, жұмысты бастау экранына

оралу үшін аяқтау түймесін қажетінше

қайталап баса беріңіз. Жедел қызмет

нөмірін енгізіп, шақыру түймесін басыңыз.

Қайда тұрғаныңызды хабарлаңыз. Рұқсат

берілмейінше, байланысты аяқтамаңыз.



Телефон туралы

Осы нұсқаулықта сипатталған сымсыз құрылғы

GSM 900 жəне GSM 1800 желілерінде пайдалану үшін

мақұлданған. Желілер туралы қосымша ақпарат алу

үшін қызмет ұсынушыңызға хабарласыңыз.

background image

11

Қа у і п с і з д і к т а л а п т а р ы

Осы құрылғының мүмкіндіктерін пайдаланған кезде

барлық заңдарға бағынып, басқалардың жеке өміріне қол

сұқпауға қатысты жəне заңды құқықтарын сыйлаңыз.

Ескерту: Осы құрылғыдағы қоңыраулы

сағаттан басқа қандай да бір мүмкіндіктерді

пайдалану үшін құрылғы қосулы болуға

тиіс. Сымсыз құрылғыны пайдалану кедергі

келтіруі немесе қауіп төндіруі мүмкін болған

кезде телефонды қоспаңыз.



Желі қызметі

Телефонды пайдалану үшін сізде сымсыз байланыс

қызметін ұсынушының қызметі болуға тиіс. Осы

құрылғыдағы мүмкіндіктердің көпшілігінің жұмыс істеуі

сымсыз желідегі ерекшеліктерге байланысты. Аталмыш

желі қызметтері желілердің барлығында бола бермеуі

мүмкін немесе сіз желі қызметтерін пайдаланбастан

бұрын қызмет ұсынушыңызбен арнайы келісім

жасауыңыз керек болуы мүмкін. Қызмет ұсынушыңыз

сізге оны пайдалану туралы қосымша нұсқаулар беріп,

background image

12

Қа у і п с і з д і к т а л а п т а р ы

қандай тариф қолданылатынын түсіндіруі керек болуы

мүмкін. Кейбір желілерде сіз желі қызметтерін қалай

пайдалана алатыныңызға ықпалын тигізетін шектеулер

болуы мүмкін. Мысалы, кейбір желілерде барлық тілдерге

тəн таңбалар мен қызметтер бола бермеуі мүмкін.
Қызмет ұсынушыңыз құрылғыңыздағы кейбір

мүмкіндіктердің пайдаланудан шығарылуын немесе іске

қосылмауын талап етуі мүмкін. Егер осылай болса, бұл

мүмкіндіктер сіздің аппаратыңыздағы мəзірінде пайда

болмайды. Сіздің аппаратыңызда, сонымен қатар,

арнайы конфигурациялар бар болуы мүмкін, мəселен,

мəзірдегі аттардың, мəзір тізбесінің жəне басқару

элементтерінің алмасуы. Қосымша ақпарат алу үшін

қызмет ұсынушыңызға хабарласыңыз.
Бұл құрылғыда TCP/IP протоколдарында жұмыс істейтін

WAP 2.0 (HTTP жəне SSL) протоколдары бар. Осы

құрылғыдағы мəтінді хабарламалар, мультимедиалық

хабарламалар жəне ақпаратты жəне қолданбаны жүктеу

сияқты кейбір ерекшеліктер осы технологиялардың

желілік сүйемелдеуін қажет етеді.

background image

13

Жа л п ы а қ п а р а т